Сенбі, 23 Қараша 2024
3372 0 пікір 18 Тамыз, 2021 сағат 18:14

Қазақстан Ауғаннан 42 адамды эвакуациялады

Бүгін Алматыға Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушы келіп қонды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады. 

«Алматы, 2021 жылғы 18 тамыз – бүгін сағат 17.00-де ҚР ӘӘК С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға сәтті қонды. Қазақстанға 25 ҚР азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ ҚР Елшілігінің қызметкерлері келді.

Одан басқа, осы бортпен Қырғыз тарапының өтініші бойынша Қырғыз Республикасының 14 азаматы эвакуацияланды. Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен ҚР Елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы АИР-дан шығарылды»,- делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін Қазақстан Ауғанстаннан 15 қырғыз азаматын эвакуациялауға көмектескені хабарланған болатын. Бұл туралы Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі хабарлаған.

Айта кетейік, 15 тамызда «Талибан» содырлары (Қазақстанда Жоғарғы Соттың шешімі бойынша қозғалысқа тыйым салынған) Кабулға кіріп, елде билікті өз қолына алғанын жариялады. Үкіметтің бір бөлігі мен президент Ашраф Ғани Ауғанстаннан кетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413