Тәлібтер қаруға қарық болды
Әлемдік БАҚ "Талибан" қозғалысының Ауғанстандағы билікті басып алғаннан кейінгі әскери әлеуетін бағалап, сараптап шықты.
АҚШ барлау қызметінің алдын ала есептеулері бойынша, тәлібтерге 2000 брондалған көлік, армияның жолталғамайтын HMMWV көліктері және UH-60 Black Hawks тікұшақтары мен ScanEagle дрондарын қоса алғанда 40 ұшаққа дейін техника қалған.
АҚШ-тың қазіргі және бұрынғы шенеуніктері бұл қару-жарақ, техниканы халыққа қарсы қолдану ықтималдығы өте жоғары екенін айтады. Бұған қоса, тәліптер қаруды Қытайға немесе Ресейге сатуы да мүмкін деген күдік бар.