Ақша-ақша деп, адами қасиеттен айырылдық
Ұят екен. Не деген халықпыз?! Атырауда медицина орталығында кішкентай сәбилерді унитазға байлап қойған адамдар қалай өмір сүріп жүр?! Үйлеріне барып, қалай өздерінің балаларын құшақтайды екен?!
Кезінде перзентханада туылған баланы тоңазытқышқа салып қойған. Соны естігенде шок болып едім. Адамдар адам емес, хайуан болды деп, жүрегім өртеніп еді. Қоғам рухани бишаралыққа батып кетті. Осы дертті шұғыл емдемесек, болашағымыз бұлынғыр.
Қалай заманауи мемлекет құрамыз осы түрімен?! Ақша-ақша деп, адами қасиеттерімізден айырылып қалғанымызды байқамай қалыппыз.
Асхат Асылбеков
Abai.kz