Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2460 0 пікір 6 Маусым, 2012 сағат 08:15

Әміржан Қосанов. «Арқанкерген», мен сені қалқан көргем...

Көк аспаннан қара жерге жай түсті: тапа-тал түсте тәуелсіз еліміздің шекарасында бұған дейін боп көрмеген, сондықтан адам сенгісіз сұмдық оқиға болды. Басқа басқа емес, Қытаймен іргелес жатқан Үшарал шекара округі «Арқанкерген» заставасында 14 (!) жауынгер қанды қолдан қаза тауып, біреуі із-түзсіз жоғалып, кеше ғана табылды!

Бір сорақысы, осы күнге дейін бүкіл елді дүр сілкіндірген оқиғаның мән-жайы туралы жан-жақты да жұртты тыныштандыратындай мәлімет жоқ. Шекаралық застава секілді ерекше жағдайда күзетілуге тиіс нысанда осындай масқара боп жатса, басқа салалар туралы не айтпақпыз?!

Меніңше, қазанның жабулы күйінде қалуының екі себебі бар.

Біріншіден, Шекара қызметі бізде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамында. Сондықтан ҰҚК-не қатысты құпиялық режим шекарашыларға да «жұғып» кеткен. Мұның өзі ресми өкілдерге: «Тергеу амалдарына байланысты ешқандай мәлімет бере алмаймыз!», - деп, ақпараттық қорғанысқа көшуге формальды түрде болса да мүмкіндік береді. Өз мундирінің абыройын осылай қызғыштай қорғағанша, шекараны жөндеп қорғамай ма екен осы?!

Өйткені, осы күндері дүйім жұрт ішіне дүрбелең салған төмендегідей сауалдар жауапсыз қап жатыр.

Шекарашылар қалай өлтірілген: оқ атылған ба әлде пышақ салынған ба? Әлде өртенген кезде түтіннен уланған ба?  Өрттің өзі қайдан шыққан? Кеше ғана табылған 15-ші жауынгер не деп жатыр? «Оның писхикасы бұзылған» дейді ресми өкілдер. Оны қайдам, осынау сорақылыққа жол берген командирлердің психикасының қалыпты екенінде менің үлкен күмәнім бар!

Оқиға қашан орын алды? Шекарамыздың есігі қанша уақыт құлыпсыз, қараусыз қалып, айқара ашық тұрды? Осы мерзім ішінде ел ішіне қанша бөгде адам еніп кетті? Және олар қазір қайда?!

Екі күн бойы орталықпен байланысқа шықпаған заставаға тез арада тікұшақ жіберіп, мәселенің мән-жайын анықтап алуға не кедергі болды?

Бір сөзбен айтқанда, жауапты органдар құпиялық режимді пайдаланып, болған қылмыс жайын ғана емес, командирлердің кемшіліктерін, шекарадағы шектен шыққан шылықтарды тұмшалап жатыр!

Және де осы жабық жағдайды пайдаланып, бар кінәні лампасты генерал мен погонды полковниктерге емес, қатардағы жауынгерлерге ысыра салуы да әбден мүмкін.  Өйткені, «жауынгерлердің өз ішінде кикілжің орын алуы мүмкін» деген долбар да кей БАҚ-та насихаттала бастады осы күндері.

Отанды қорғау сияқты аса құрметті де маңызды конституциялық міндетін атқаруға аттанған өрімдей жастарды қырып салып жатыр. Ендігі жерде әскердегі жағдайды алтынмен аптап, күміспен күптеп суреттейтін ресми телеарналардағы арнайы бағдарламаларға қалайша сенесің?! Енді кім баласын өз еркімен, баяғыдай той жасап, шекараны қорғауға аттандырады?!

Екінші себептің геосаяси сипаты бар. Оқ пен отқа оранған оқыс оқиға Қытай секілді әлеми алпауытпен шекарада орын алған. Экономикамыздың төріне қонжиып отырып алып, мұртынан жымиып отырған оның мысы біздің билікті қалай басып қалғанын бәріміз білеміз. Сондықтан да оқиғаға осындай жып-жылмағай баға беру сол қаһарлы көршіні ашуландырып алмаймыз ба деген қауіптенуден туындап отырған жоқ деп кім кесіп-пішіп айта алады?

Меніңше, осындай жағдай қырғыз не өзбекпен шекарада болғанда, Ақорданың даусы анағұрлым өктемірек шығар еді. Керек болса, ол көршілерге сес көрсетіп, жазықсыз қаза тапқандардың құнын да талап етер еді!

Әзірше, аузына қытай жақтың шықырлаған құмы құйылған, өңешіне қытайдың шытырлаған юані өтіп кеткен біздің билік ондай мінез танытуға мүлдем шарасыз.

Президенттің өзі де о бастан баяғы әдетіне салып, тергеу жұмыстары аяқталмай-ақ жатып, өз бағасын беріп, болжамын жайып салды. «Террористік акт немесе әскерилердің ішкі өзара қақтығысы болуы мүмкін» деп, арнайы құрылған комиссияға негізгі бағытты бере салды.

Енді айтыңызшы, есі түзу  қай тергеуші нет прокурор ең үлкен бастығының осы сөзін жоққа шығарып, оқиғаның себебі хақында басқаша пікір айта алады? Әсіресе, көрші елдің қатысы бар деген жорамалды қалайша тілге тиек етеді? Ондай камикадзе прокурор жоқ қой олардың арасында.

Бес қаруы сақадай сай болуы тиіс және де күні-түні қырағылық танытуға міндетті әскерилерді осылайша жайпап тастау үшін қаншалықты дайындық керек. Сондықтан, кездейсоқ, аяқ-астынан болған оқиға емес, алдын-ала мықтап жоспарланған, қомақты қаржы жұмсалып, уақыт шығынданған әскери операция бұл! Ондай операцияны «Арқанкергенге» жақын маңда кім ұйымдастыра алады деген сұрақтың жауабын мен айтпай-ақ қояйын...

Біз, қазақ, жүздеп, мыңдап Қытай асып жатқан жоқпыз, жеріміздің тұтастығы мен еліміздің тәуелсіздігіне тікелей қатысы бар күмәнді де қауіпті «көші-қон» кері бағытта жүріп жатыр емес пе?!

«Арқанкергенде» не басқа жерде арқан кер, керме, - көлеңкелі көштің толастар түрі жоқ. Сол арқан керілмей тұрғанын қайтерсіз енді. «Арқанкерген», мен сені қалқан көргем...

Жә, билік шұғыл жиналыс өткізіп, ізтестіру шараларын қолға алып жатыр. Бірақ қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаны зерттеу үшін неге нақ сол қоғам өкілдері қатыстырылмайды? Біз секілді оппозицияны қоспас, бірақ, ең болмағанда, тәуелсіз мамандар мен басқа да қоғамдық ұйымдар өкілдерін неге тартпасқа? Осындайда мінез көрсетіп, атқарушы билікке шүйлігуі тиіс депутаттар қайда?

Әлде бөгде көзден тыс қалуға тиіс өз құпиялары бар ма?

Жаңаөзен оқиғасына орта деңгейдегі әкімқара мен мұнай саласының жетекшілерін кінәлі деп тапқан Ақорда осындай оқиғадан кейін кімді жазалайтынын да қазірдің өзінде тап басып айтуға болатын шығар...

Жаңаөзен трагедиясынан кейін қара жамылмаған билік «Арқанкергендегі» қайғылы қазаға Ұлттық аза тұту күнін жариялады. Бірақ осы күнге дейін қанды оқиғаның барлық мән-жайы анықталмай, қаза тапқан әскерилердің аты аталмай (нақты кімді аза тұтып жатырмыз?!) ел күтпеген асығыс қадамға барудың өзі көңілде біртүрлі күмән туғызады екен.

Тек, әйтеуір, арты жақсы болсын дейміз де...

P.S.

6  маусымда президент Назарбаев Қытайға барады деген ақпарат кеп түсті. Пекин секілді алып қалада алыстағы аядай ғана «Арқанкерген» заставасының аты атала ма екен?..

«Абай-ақпарат»

0 пікір