Қытай Талибанды мойындамақ
Бейжің "Талибан" билік басына келгеннен кейін Ауғанстанға көмектесуге дайын екенін, сондай-ақ бұл елде жаңа үкімет құрылғаннан кейін оны мойындауға болатынын білдірді. Бұл туралы Қытай СІМ ресми өкілі Чжао Лицзянь брифингте мәлімдеді.
"Біз Ауғанстанда бейбітшілікті қалпына келтіруге күш салуды жалғастырамыз және бұл елге оның әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандыру үшін барлық көмек көрсетеміз",-деді ол. Дипломат ауған халқының бейбітшілікке ұмтылысын қолдайтынын да айта кетті.
Бейжің барлық мүдделі тараптар келіспеушіліктерді бейбіт диалог арқылы шешеді деп үміттенеді. Чжао Лицзянь қазір Ауғанстанда тұрақтылықты қалпына келтіру керек деген пікірін білдірді.
"Қытай әрқашан бүкіл ауған халқына достық саясат жүргізетін болады" еді СІМ өкілі. Жағдай тұрақталып, "толерантты үкімет" құрылғаннан кейін ғана "Талибан" қозғалысымен дипломатиялық қарым -қатынас орнатуға дайын екенін көрсетті.
Abai.kz