Содырлар кіреді: Путин үрейленіп отыр
Ресей Ауғанстаннан келген босқындарды Орталық Азия елдеріне орналастыруға қарсы. Өйткені визасыз режимді қолдана отырып, олардың арасында содырлар болса Ресейге де кіре алады. Бұл туралы Путиннің өзі айтты.
"Ауғанстан туралы қазір ғана айтылды. Бұл біздің қауіпсіздігімізге тікелей қатысы бар", - деді Путин "Единая Россия" өкілдерімен кездесуде.
Путин Батыс елдері АҚШ пен басқа елдерге виза алмастан бұрын босқындарды Орталық Азия елдеріне орналастыру мәселесін табанды түрде көтеріп отырғанын атап өтті.
"Бұл дегеніміз, олар өздеріне босқындарды визасыз қабылдағысы келмейді, бірақ Орталық Азия елдері визасыз уақытша орналастыруын сұрап отыр. Бұл мәселен шешудің жолы емес, жалпы негізде қорлық қой", - деп жалғастырды Путин.
Оның айтуынша, бұл мәселе дүйсенбіде ҰҚШҰ елдері басшылары мен басқа да орган мүшелерінің кездесуінде талқыланатын болады.
"Елестетіп көріңізші, бұл елдердің кез келгеніне босқындар кірді делік. Ол босқындардың ішінде кімдер барын, біз қайдан білеміз? Олар мың немесе жүздеген мың, тіпті миллион болуы мүмкін. Ал біздің одақтас және көршілес елдермен ешқандай визалық шектеуіміз жоқ және мыңдаған шақырым шекарамыз бар. Машинаға отыр, есекке отыр, әйтеуір бір көлікке отырып, даламен кете берсе. Оны біз қалай реттейміз?", - дейді Ресей басшысы. Ол Кавказдағы оқиғалардың қайталануынан да сескенетінін жасырмады.
"Біз босқындардың кейпіне еніп, елімізде қайтадан содырлардың пайда болғанын қаламаймыз. Біз қайтадан 90-жылдардың ортасы мен екі мыңыншы жылдың басында болған оқиғалардың көрініс табуына қарсымыз. Біз ол сәтте солтүстік Кавказда соғыс қимылдары жүріп жатқан еді", - дейді Путин.
Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Путин мен "Единая Россия" өкілдері арасындағы кездесуде "Талибан" соғысты тоқтату және Ауғанстандағы ұлттық диалогты бастау туралы уәделерін әлі де орындап жатқанын мәлімдеп, елдің негізгі өкілдерімен алғашқы байланыстарды бастағанын айтқан еді.
"Талибан" тамыздың ортасында Ауғанстан аумағын, оның ішінде Кабулді өз бақылауына алып, елді тұтас жаулап алды. Қазір оған тек қана Панджшер аймағы бас имей отыр.
Abai.kz