Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
4010 0 пікір 24 Тамыз, 2021 сағат 11:51

ЖОО-ға құжат қабылдау мерзімі ұзартылды

Жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттарды қабылдау 28 тамызға дейін ұзартылды. Бұл шешім ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінде қабылданды. 

"Бұл біздің талапкерлер үшін жақсы жаңалық деп ойлаймын. Біз мерзімді ұзарту туралы өтініштердің санын ескердік. Бұл мүмкіндік білім грантының иегерлеріне де, ақылы негізде оқуды жоспарлап жүргендерге де беріледі", - деді Білім және ғылым вице -министрі Қуаныш Ерғалиев.

Бұған дейін жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет болатын. Министрлікте атап өткендей, білім гранты иегерлерінің өтініштері eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы қабылданады.

Ақылы негізде оқу үшін жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау бөліміне хабарласу қажет. Олардың тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1132
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2663
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746