Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Билік 5330 12 пікір 26 Тамыз, 2021 сағат 12:45

Шекара бөліміне Назарбаевтың есімі берілді

Қазақстан үкіметі 2021 жылғы 18 тамыздағы Алматыдағы Баянқол шекара бөлімінің атын ҚР тұңғыш президенті – елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы шекара басқармасы деп өзгерту туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Orda.kzке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды.

"ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесі Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының «Баянқол» шекара бөлімшесінің атауы «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы» шекара бөлімшесі деп ауыстырылсын", – делінген құжатта.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1033
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2582
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 720
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 684