Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2837 0 пікір 8 Маусым, 2012 сағат 09:24

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ НАЗАРЫНА! БАЙҚАУ!

Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама  басқармасы Баспасөз күніне орай «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты қалалық байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тіл саясатының қазақ және орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталуын қолдау.

Байқаудың міндеті: мемлекеттік тіл саясатын насихаттап жүрген жекелеген авторлардың жұмысына оң баға беру және оларды көтермелеу.

Байқаудың шарттары: байқауға тіл саясаты, мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы туралы өткір де өзекті материалдары жарияланған жекелеген журналистер төмендегідей номинациялар бойынша қатыса алады:

- «Баспасөздегі үздік журналист» - баспасөз материалдары бойынша;

- «Интернет-сайттағы үздік журналист» - сайт материалдары бойынша;

- «Үздік тележурналист» - телебағдарламалары бойынша;

- «Үздік радиожурналист» - радиобағдарламалары бойынша.

Байқау 2011 жылғы 1 шілдеден  бері қазақ және орыс тілдерінде жарияланған газет-журнал және сайт материалдарын, эфирден берілген теле-радио хабарларды қамтиды.

Байқауға қатысу. Жеке авторлар өздерін байқауға қатыстыру туралы Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасына өтініш береді. Оған қоса байқауға қатысатын материалдарын жарияланған түрінде (газет, журнал, сайт беттері, видео және аудиожазбалар) өткізеді.

Байқаудың жүлдесі. Жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленгендерге тиісті дәрежедегі дипломдар мен ақшалай немесе бағалы сыйлықтар тапсырылады. Қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар беріледі.

Марапаттау рәсімі. Байқау Баспасөз күнінің қарсаңында қорытындыланады.  Жеңімпаздар мен қатысушылар салтанатты түрде марапатталады. Оған БАҚ қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері және т.б. шақырылады.

Байқауға қатысқысы келетіндер Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасына хабарласып, материалдарын өткізулері қажет.

Мекенжайы: Алматы қаласы, Республика алаңы, 15, 556-бөлме.

Телефон: 2672228; е-mail: nurkyz999@mail.ru.

0 пікір