Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2150 0 пікір 8 Маусым, 2012 сағат 10:49

«Өзіңнен баста!» Бірақ, ешкім сенбейді

Алматылықтардың орташа жалақысы 124 мың теңге деп, «шалқалап» жүрген алма-аташыл әкім  Ахметжан Есімов  645 мың теңге айлық алатынын айтып, «Время» газетінде бөсіп еді,  енді ҚазАқпарат Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың жалақысы 461 мың теге екендігін жария етуде. «Ай сайын отбасыма табыс ретінде 461 мың теңге кіреді. Қызметтік үйде тұрамын. Жеке жеңіл автокөлігім бар», - дейді ол ағынан жарылып.  Нұрлан Ноғаев  бұл сөзді «Нұр Отан» партиясының «Өзіңнен баста!» атты жемқорлыққа қарсы өткізіп жатқан шарасына орай айтып отыр. Әрине, әкім-қаралардың бәрін өздерінен бастағандары абзал. Мысалы, олар жалақыларын ғана жария етпей өзге де «жанбағыс» көздерін көпке білдірсе қалай болар еді?.. Бірақ, бұл мүмкін емес. Неге? Неге деріңіз бар ма? Мәселенки, Ахметжан Есімов Қазақстан бойынша қант бизнесін тасадан бой көрсетпей өзім басқарамын деп айта алады ма? Айта алмайды. Осы сөз ел аузындағы қауесет болғанның өзінде Есімов мырза «қанттарыңа қатысым шамалы» деп баспасөз мәслихатын өткізе де алмайды. Бәрі де солай. Ақтөбеде «Аяжан» деген жапсырмасы бар арақ шығарып, спирт тасыған Бергей Рысқалиев қазір Атырауда білдей әкім. Өзінің айтуынша, оның да қазір бизнесі жоқ. Билікке бірге келген бизнесмен достарының да істейтін кәсіптері қалмапты. Тағысын тағылар...

Былай қарағанда «Өзіңнен баста!» тәп-тәуір шара сияқты. Алайда, жалақсын ғана жария етіп жатқан әкімдердің қоғам алдындағы тазалықты «өздерінен бастарына» бүгінгі өлермен жұрт еш сенбейді. Тек журналистер ғана мемлекеттік қызметкерлердің айлық табыстары туралы мәліметтерге «кенеліп» жұртқа жарыса жеткізіп жүретін шығар...

«Абай-ақпарат»

0 пікір