Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2274 0 пікір 8 Маусым, 2012 сағат 12:29

Шынар Сүндебаева. Путин бізді зымыранымен қорқыта келді

Кеше кешкісін Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының тұрғындары түсініксіз күй кешті. Нақтырақ айтсақ, жергілікті уақытпен сағат 22:40-та аспанда белгісіз сызықтар пайда болып, бүкіл ауыл тұрғындарының үрейі ұшты. Әуелі нүкте сияқты пайда болған жарық кейін ирек-ирек сызыққа айналды. Аспанда зигзаг секілді ирелеңдеп жүрген отты сызықтар кейін үйдегі электр шамы секілді, қақ төбемізге тұрып алды. Содан соң, әлгі шам үлкейе берді, үлкейе берді. Ақыры, жарылып тынды. Яғни, түтін секілді жан-жаққа тарап кетті. Шамамен 3 минутқа созылған  бұл құбылысты әркім әртүрлі жорыды. Бірі ақырзаман келді десе, енді біреулері ұшатын тәрелкелер көрініс берді деп, өзінше топшылап жатты. Бірақ, 3 минутқа созылған осы көрініс  әр адамның жүрегіне қорқыныш ұялатқаны рас. Қорықпай қайтеді, көк жүзін тіліп жүрген отты сызықтар бұрын дәл осылай ойқастап көрмеген аспанда. Дереу  ғаламтор көмегіне жүгіндік. Бақсақ, біздің зәре-құтымызды қашырып, көк жүзінде пайда болған құбылыстар Ресей ұшырған «Тополь» құрлықаралық баллистикалық зымыранының іздері екен. Кеше Мәскеу уақытымен 21:39 минутта «Тополь» баллистикалық зымыраны Астраханьдағы «Капустин Яр» полигон аймағынан Қазақстандағы «Сары Шаған» полигон аймағына ұшырылған. Зымыранның діттеген жеріне дәл жетіп, жарылғаны туралы ақпаратты ресейлік ақпарат құралдары сүйінші сұрап жазды.

Кеше кешкісін Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының тұрғындары түсініксіз күй кешті. Нақтырақ айтсақ, жергілікті уақытпен сағат 22:40-та аспанда белгісіз сызықтар пайда болып, бүкіл ауыл тұрғындарының үрейі ұшты. Әуелі нүкте сияқты пайда болған жарық кейін ирек-ирек сызыққа айналды. Аспанда зигзаг секілді ирелеңдеп жүрген отты сызықтар кейін үйдегі электр шамы секілді, қақ төбемізге тұрып алды. Содан соң, әлгі шам үлкейе берді, үлкейе берді. Ақыры, жарылып тынды. Яғни, түтін секілді жан-жаққа тарап кетті. Шамамен 3 минутқа созылған  бұл құбылысты әркім әртүрлі жорыды. Бірі ақырзаман келді десе, енді біреулері ұшатын тәрелкелер көрініс берді деп, өзінше топшылап жатты. Бірақ, 3 минутқа созылған осы көрініс  әр адамның жүрегіне қорқыныш ұялатқаны рас. Қорықпай қайтеді, көк жүзін тіліп жүрген отты сызықтар бұрын дәл осылай ойқастап көрмеген аспанда. Дереу  ғаламтор көмегіне жүгіндік. Бақсақ, біздің зәре-құтымызды қашырып, көк жүзінде пайда болған құбылыстар Ресей ұшырған «Тополь» құрлықаралық баллистикалық зымыранының іздері екен. Кеше Мәскеу уақытымен 21:39 минутта «Тополь» баллистикалық зымыраны Астраханьдағы «Капустин Яр» полигон аймағынан Қазақстандағы «Сары Шаған» полигон аймағына ұшырылған. Зымыранның діттеген жеріне дәл жетіп, жарылғаны туралы ақпаратты ресейлік ақпарат құралдары сүйінші сұрап жазды. Дәлірек айтсақ, Интерфакс  және Риа Новости ақпарат агенттіктері бұл жаңалықты алғашқылардың бірі болып таратты. Бірақ, біздің көкейімізде бір сұрақ қалды. Мұндай зымырандар бірінші рет ұшып отырған жоқ. Бұрын ұшып өткені байқалмай қалатын зымыран бұл жолы неге аспанда көрініс берді екен. Бәрінен бұрын, жергілікті халықтың үрейін ұшырып, мазасын алды бұл көрініс. Ғаламтордағы  мәліметтерге  сүйенсек, бұл құбылыс  Ресейдің бірнеше  аймағында көрінген. Сонымен қатар, Атырау, Ақтөбе облысының біраз аудандарында бақылауға мүмкіндік туды,

Осылайша, қайта президент тағына отырғалы бері Қазақстанға бірінші ресми сапарын жасаған Владимир Путин зымыран ұшырып қорқыта келді. Жалға сұрап келген Ақтөбе мен Қостанайды бермесеңдер төбелеріңнен тастап жіберемін дегені болса керек. Осындайда, «Қап, баяғыда атом бомбасының біреуін өзімізде қалдырғанда кім көрінген бұлайша басынбас еді» деп бармақ тістейміз.

«Маса-ақпарат»

0 пікір