Жұма, 11 Қыркүйек 2026
4115 2 пікір 27 Тамыз, 2021 сағат 13:30

Семейдегі ЖОО-ға Әлихан Бөкейханның есімі берілді

Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның есімі берілді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Алаш қозғалысы жетекшісінің атымен аталды.

Бүгін білім ордасының бас ғимаратында Әлихан Бөкейхан бюстінің ашылу салтанаты өтті. Бюст авторы – белгілі мүсінші, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Талғат Анарбеков. Сондай-ақ университетте «Әлихан Бөкейхан тұлғасы отандық ғылым контексінде: жаңа пәнаралық зерттеулер мен ізденістер» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

«Семей қаласының білім жүйесінде Әлихан Бөкейхан есімін жаңғырту ісі өзекті. Бұл тұрғыда республикалық жоғары білім кеңістігінде өзіндік орны бар – Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің атауы «Әлихан Бөкейхан университеті» болып ауысты. Замана ағысында ұлт көшбасшысы болған тұлға есімінің университетімізге берілуінің тарихи негізі бар. Бұл білім ордасының құрылтайшылары мен студенттердің ел мен Семей қаласы тарихына және ұлттық мүддені ту етіп көтерген Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің тарихи қызметіне көрсеткен құрметі», - деді университет ректоры Шырын Құрманбаева.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1063
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2612
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 741
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 704