Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3713 3 пікір 29 Тамыз, 2021 сағат 00:00

Бүгін Жалпыұлттық Аза тұту күні

29 тамыз Қазақстанда Жалпыұлттық Аза тұту күні болып жарияланды. Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аза тұту күнін жариялаған еді. 

"Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады", - деді мемлекет басшысы.

Возможно, это изображение (1 человек и текст «казакстан президент касым-жомарт токаев @TokayevKZ жамбыл облысы байзак ауданындагы адам елмне экеп соктырган кайгылы окигага байланысты 29 тамызды жалпыулттык аза туту кунi̇ деп жариялаймын. каза болган эскери кызметшлер мен куткарушылар ерен ерлк пен нарыз жанкиярлык керсетт. ерлеримиздн ecİmİ ел жадында мэнг сакталады. 28 тамыз 2021 жыл MnrrN»)

26 тамыз күні Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы әскери бөлімшенің жарылысынан 13 адам қаза тауып, 90-нан астам адам жарақат алды.

Abai.kz ақпараттық порталының ұжымы Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған шетін оқиға кезінде қаза тапқан марқұмдардың отбасы мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338