Жұма, 22 Қараша 2024
Күбіртке 23132 11 пікір 30 Тамыз, 2021 сағат 14:58

Қазақстанның келесі Қорғаныс министрі кім?

Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыстан кейін қазақ қоғамы, Қазақстан қоғамы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың отставкасын талап еткені белгілі. Бұл туралы егжей-тегжейлі жаздық.

Министр Нұрлан Ермекбаевтың өзі де БАҚ-қа екі мәрте пікір білдіріп, доғарысқа кетуге әзір екенін, бірақ шешімді Жоғарғы Бас қолбасшы қабылдайтынын айтқан.

Бірінші жолы:

«Менің қазіргі басты міндетім жарылыс салдары мен зардабын жою, ал отставкаға келетін болсақ, жарылыс жайлы ақпарат алған сәтте-ақ, отставкаға кету жайлы шешім қабылдадым. Мен отставкаға беремін, шешімді жоғары жақ қабылдайды», - деді.

Ал екінші жолы:

«Әрине, бір адам бәріне қарап, қадағалау өте қиын. Бірақ, бізде сондай бір қағида бар. Бірінші жетекші бәріне жауап береді. Сол сияқты мен кінәсіз болсам да, жеке өзім жазықсыз болсам да, мен бәріне жауап беремін.

Оның үстіне офицерлік, генералдық ар-намыс деген ұғым бар. Соған сәйкес, мен әрине, отставкаға беремін. Отставка сұраймын. Бірақ, Жоғарғы Бас қолбасшы және мемлекет басшылары қандай шешім қабылдайды, оны мен айта алмаймын», - деп сөйледі.

Осыдан кейін-ақ, әлеуметтік желі белсенділері мен қоғам өкілдері келесі кезекте Қорғаныс министрлігіне потенциалды үміткерлерді іздей бастады.  Біреулері - бұл «креслоға» қазір зейнетте жүрген, бұрын аталған министрлікті екі жылға жуық басқарған Иманғали Тасмағамбетов лайық деген пікірде болса, енді біреулері – Қазақстанның Бас прокуроры болып жүріп, Сенат депутаттығына ауысқан Қайрат Пернешұлы Қожамжаровты ұсынып жатыр. Пікіршілердің ішінде «Ермекбаев доғарысқа кетуді сұраса да, қызметінде қалады», - дейтіндер де жоқ емес.

Ал «Yedilov Оnline» Telegram арнасы жуырда Қазақстанның келесі Қорғаныс министрі кім болуы мүмкін деген сұраққа жауап іздеп, өз оқырмандары арасында сауалнама жүргізіпті.

Сенат депутаты Қайрат Қожамжаровтың биыл мамыр айында ҚР ҚК Аэромобильді әскерінің №68665 әскери бөліміне барып қайтқанын еске алып, «Сенатор Қайрат Қожамжаров Қазақстанның келесі Қорғаныс министрі болуы мүмкін бе?», - деп сұрайды.

Аталған сауалнамаға 8 мыңнан астам оқырман қатысқан көрінеді. Олардың 56 пайызға жуығы: «Жоқ, бұл мүмкін емес», десе, қалған 44 пайызы: «Иә, ол кадрлық тазарту жасар еді», - деп жауаптапты.

Сіз бұл орынға кімді лайық көресіз?

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ:

ҚР Қорғаныс министрлігін кімдер басқарды?

1. Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов

(1992 жылдың мамыры мен 1995 жылдың қазаны аралығы)

2. Әлібек Хамитұлы Қасымов

(16 қазан 1995 жыл – 30 қазан 1996 жыл)

3. Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев

(30 қазан 1996 жыл – 9 тамыз 1999 жыл)

4. Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев

(13 қазан 1999 жыл – 8 желтоқсан 2001 жыл)

5. Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев

(2 желтоқсан 2001 жыл – 8 қаңтар 2007 жыл)

6. Даниал Кенжетайұлы Ахметов

(10 қаңтар 2007 жыл – 17 маусым 2009 жыл)

7. Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков

(24 маусым 2009 жыл – 2 сәуір 2014 жыл)

8. Серік Нығметұлы Ахметов

(3 сәуір 2014 жыл – 22 қазан 2014 жыл)

9. Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов

(22 қазан 2014 жыл – 13 қыркүйек 2016 жыл)

10. Сәкен Әділханұлы Жасұзақов

(13 қыркүйек 2016 жыл – 7 тамыз 2018 жыл)

11. Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев

(7 тамыз 2018 жылдан күні бүгінге дейін)

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1454
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5258