Сейсенбі, 26 Қараша 2024
46 - сөз 4584 6 пікір 30 Тамыз, 2021 сағат 15:25

Генерал Ермекбаев! Барлығын айтып кетіңіз

Генерал Ермекбаев!
Отставкіге жәй кетпей бүкіл тендер ұтқан генералдар мен шенеуніктердің туысқандарын айтып кетіңіз!
Ел білу керек еліміздегі жемқор батырларды!
Мың министр ауысса да, бәрібір нәтиже болмайды!
Себебі әскери қорғанысты жемқорлық жаулап емес, ұя салып торлап алған!
Кез келген елді басып алу үшін ең бірінші қару жарамақ қоймасын өртейтінін тарихтан білеміз.
Арыстағы қойма жарылғанда Ермекбаев “бүкіл ауыл аймаққа жақын қоймалар көшіріледі және тексеріліп қатаң бақылауда болады” деп уәде берген еді.
Халықтың көбісі біле бермейтін шығар әскерге миллиардтаған емес триллиондаған ақша бөлінетінін.
Қару жарақ қауіпсіздігіне бөлінген қаржылар тендер арқылы ойнатылып, өртті алдын алатын құрғылардың арзаны орнатылып нәтижесінде тұтанған затты сезбей жарылыс болатынын бірі білсе, бірі білмес. Арыстағы жарылыстан соң сабақ алмадық, мемлекетіміздің қорғанысы саласында тендерді алып тастау керек!
Әскери саладағы көптеген жемқорлықпен таныспын! Әскерилердің тамағы, тіпті тегін берілетін киімдері, пәтерақыларына дейін жемқорлық жайлаған!
Барлығы тендермен ойнатылады, тендерді ұтатындар сол шенеуніктердің туысқаны. Әскери сарбаздар быламақ жеп жатса да оларға бәрібір. Көп дүние жазуға, ашынып тұрып айтуға болар еді. Қорғаныс саласы еліміздің қауіпсіздігіне қатысты болған соң осымен тоқтайын!
Бізді шет ел тыңшылары да оқып отыратынын ұмытпауымыз керек!
Әсіресе әскери қорғанысқа қатысты видео мен суреттер таратар кезде мемлекетіміздің қауіпсіздігін ойлаңыздар!
Бізге талибандар келіп әуре болмай ақ қойса болады, іштегі жемқор талибандар жетіп жатыр!
Ал Генерал Ермекбаев мырзаға айтарым нағыз елін сүйетін офицер болса, бүкіл жемқорлардың тізімін ел алдына шығармасаңыз да, Президентке ашып айтып кетіңіз!

Айгүл Орынбек

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019