Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
3974 0 пікір 2 Қыркүйек, 2021 сағат 10:43

Қазақстан Pfizer екпесін тіркеді

Қазақстан америкалық Pfizer және германиялық BioNTech компанияларының бірлесе әзірлеген вакцинасын салуға рұқсат берді. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті америкалық вакцинаны 23 тамыз күні 8 айға уақытша тіркегенін айтты.

Ел арасында Pfizer екпесі деп танылған бұл препараттың ресми аты – Comirnaty (Комирнати). Екі дозадан тұрады, арасы 21-28 күн. Ерекше жағдайда аралық 41 күнге дейін ұзаруы мүмкін.

Comirnaty – ДДСҰ мақұлдаған вакциналардың бірі. Қазақстанда осы вакцинаны күтіп отырғандар көп. Өйткені олар елде бар екпелерге сеніңкіремейді. Вакциналау науқанын 1 ақпанда бастаған Қазақстанда ресейлік "Спутник V" (қазір оны Қарағандыда өндіреді), отандық QazVac, қытайлық Sinopharm компаниясының БАӘ-де өндірілген вакцинасы Hayat-Vax пен Қытайда өндірілген екпесін Vero Cell, сондай-ақ тағы бір қытай компаниясы Sinovac компаниясының екпесі CoronaVac қолданылады. Үкімет 10 миллион адамға вакцина салуды көздеп отыр.

Әзірге тек 5,3 миллион адам ғана екпені толық алған. 1,2 миллионнан астам адам екпенің бірінші дозасын алып, екіншісін күтіп отыр.

Pfizer екпесі Қазақстанға қазан айында келеді деп жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі оны бастапқы кезде ата-ананың рұқсатымен 12 жастан асқан балаларға және жүкті әйелдерге салатынын айтқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1334
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2907
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 987
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 917