Талибан: Тәуелсіздік күнің құтты болсын Өзбекстан
"Талибан" қозғалысының өкілі және Ауғанстан Ислам Әмірлігінің келіссөз тобының мүшесі Мұхаммед Сухаил Шахин Өзбекстан басшылығына тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай құттықтау жолдады.
Бұл туралы 1 қыркүйекте Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Юсуп Кабулжанов хабарлады.
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігіне жіберілген құттықтауда: "Біз бауырлас Өзбекстан елінің басшылығы мен халқын Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Біз көршілес Өзбекстанмен жемісті және достық қарым-қатынас орнатқымыз келеді" делінген.
Құттықтауда сондай-ақ, Талибанның Өзбекстанның қатысуымен Ауғанстанда теміржол мен электр желілерін салу жобаларын жүзеге асыруға мүдделі екендігі айтылады.
Abai.kz