«Есі түсіндіруге келмейтін күйде болған» Челах жасырынып жүріп, табиғатты суретке түсіріпті (видео)
Әскери прокуратура «Арқанкерген» оқиғасына байланысты жаңа деректерді жария етті. «Азаттық» радиосы Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтың сөзіне сілтеме жасай отырып: «Челах қылмыс жасаған кезде сыбайласы болмаған. Қылмысқа ішкі қақтығыс, есінің түсіндіруге келмейтін күйде болуы себеп болған» деп жазады. Әрі «Владислав Челахтың анасы Светлана Ващенко Азаттық радиосына 9 маусымда қамауда жатқан баласымен кездескенде ұлының өзіне «14 серігін өлтірмегенін айтты» деген еді», деп хабарлайды.
Ал, ҰҚК төрағасының орынбасары Нұржан Мырзалиев президент Назарбаевтың атына өзін қызметінен босату жөнінде рапорт жазғаны мәлім болды.
Және де «jaqsy.kz» сайты «"Жауыз" Челахтың жасырынып жүргенде түсірген фотолары» деген тақырыппен бірнеше фотосурет (суретте) жариялады. Аталған сайт: «Бүгін Бас прокуратура Владислав Челахтың ісіне байланысты жаңа деректерді жария етті. Мысалы, соның бірі - оның үңгірде, жықпылда жасырынып, бой тасалап жүргенде, ұялы телефонмен түсірген фотолары. Бірақ, фотоның сапалары өте жоғары, әрқайсысы 4,5 - 5 мб шамасында болды. Соған қарап, олардың соткамен түсірілгеніне сәл де болса, күмән бар....», деп жазады.

«Арқанкерген» оқиғасының бір күндік ақпараттар легі осындай. Ал, ел ішінде бұл оқиғаға сыртқы күштердің, соның ішінде Ресейдің қатысы бар деген жорамал желдей есіп тұр. Алайда, ресми орындар оқиғаның себебін ішкі қақтығыстан іздеп отыр.
«Абай-ақпарат»