Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
4053 4 пікір 3 Қыркүйек, 2021 сағат 12:54

Талибан: Қытай басты серіктесіміз

"Талибан" өкілі Забихулла Муджахидтің айтуынша, Қытай Талибанның "негізгі серіктесі" болады және Ауғанстанды қалпына келтіруге көмектеседі. 

"Қытай біздің негізгі серіктесіміз болады және бізге үлкен мүмкіндіктер береді, себебі ол біздің елге инвестиция салуға және қайта құру жұмыстарын қолдауға дайын", - деді Мужахид.

Оның айтуынша, "Талибан" Қытайдың "Бір белдеу және бір жол" бастамасын жоғары бағалайды, өйткені бұл жоба "ежелгі Жібек жолын" жандандырады деп санайды.

Қытай Ауғанстандағы мыс қорын толық пайдалануға және бұл ел үшін әлемдік нарыққа жол ашуға көмектесетінін айтты. "Талибан" билігі Ресейді, Пәкістанды, Өзбекстан мен Қытайды сенімді серіктес деп танитынын жасырмады.

Abai.kz

 

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1358
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2938
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1011
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 950