Тәлібтер Панджшерді басып алды
"Талибан" қозғалысының өкілі Забиулла Мужахид тәлібтердің қарсылық күштері әрекет ететін Панджшер провинциясын толық басып алғанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
Ол өз парақшасына Панджшердің толық тәлібтердің қолына өткенін, ешкімді қудаламайтынын айтып, уәде берді. Сонымен қатар енді Ауғанстан толық азат етілді деп атап өтті.
Талибанның шабуылы Масудпен келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін 2-3 қыркүйекте басталған еді. Соңғы шешуші шайқаста тәлібтерді қолдап, Пәкістан арнайы жасақтары мен әуе күштері қатысқаны туралы мәліметтер бар.
Abai.kz