Өзбекстанда бірінші сыныпқа 600 мың бала барды
6-қыркүйекте Өзбекстанның 10 мыңнан астам орта мектептерінде дәстүрлі сабақтар басталды деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
600 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа келіп, сыйлық ретінде 12 түрлі оқу құралдарының, мектеп рюкзагы мен оқулықтардың жиынтығын алды.
"Алғашқы қоңырау" шарасының өзі биылғы жылы "Жаңа Өзбекстанда еркін және қауіпсіз өмір сүрейік!" ұранымен өтті. Оған мектеп түлектері, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Мектеп оқушылары сабақты тәуелсіздік сабағынан бастады, онда оқушыларға Өзбекстанның жетістіктері туралы айтылды.
Abai.kz