Вакцина алмағандар жұмысқа кіргізілмейді
Қазақстанда бірқатар нысан мен мекемелердің қызметкерлері 6-қыркүйектен бастап бетпе-бет режимде жұмыс істеу үшін вакциналанған болуы тиіс. 6-қыркүйектен бастап індетке қарсы егілмеген бірқатар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді және кіргізілмейді.
«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған жұмыскерлерді (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) бетпе-бет режимде жұмысқа жіберуді шектесін», – делінген 6 қыркүйекте күшіне енетін қаулының мәтінінде.
Бұдан бөлек, қызмет көрсету саласының вакцина салдырмаған қызметкері бәрібір де жұмыс орнында болғысы келсе, онда міндетті түрде ПТР-тестілеуден (7 күнде бір рет) өтуге тиіс.
Abai.kz