Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
3841 0 пікір 7 Қыркүйек, 2021 сағат 11:07

Амнистия: Қамаудан босатылатындар кімдер?

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын қарауды бастады. 

Қарастырылып отырған құжатта "әлеуметтік осал санат" ұғымы алғаш рет енгізілді. Заң жобасы зиян келтіруге әкеп соқпаған немесе азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін қылмыстық құқық бұзушылықты және ауырлығы орташа қылмысты жасаған сотталғандарды жазадан босатуды ұсынады. Сондай-ақ, заң жобасында көзделген адамдар үшін негізгі жазаның мерзімі мен мөлшері қысқартылады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған амнистия кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық көрсеткендерге, жемқорларға, кісі өлтірушілер мен экстремистерге, қылмыстық топтардың бұрынғы мүшелеріне қолданылмайды.

Қазақстанда 30 жылдан астам уақыт ішінде 8 мәрте рақымшылық жарияланды, оның соңғы 4-і Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күндеріне сәйкес келген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1343
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2918
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 998
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 929