Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
3719 1 пікір 7 Қыркүйек, 2021 сағат 11:30

Үндістанда қауіпті Нипах вирусы тарауда

Үндістанның Керала штатында 11 адамнан Нипах вирусының белгілері анықталды. Бұл туралы дүйсенбіде Шарап аймағындағы денсаулық сақтау министрі NDTV арнасының эфирінде айтты.

Шенеуніктің айтуынша, бір күн бұрын 12 жасар бала Нипахтан қайтыс болған. Дәрігерлер баламен байланыста болған 251 адамды анықтап, бақылауға алған.

"Кожикоде медициналық колледжі мен ауруханада 38 адам оқшауланған, олардың 11-де  нипах вирусының симптомдары пайда болды. Сегіз адамның сынамасы Ұлттық вирусология институтына тестілеуге жіберілді", - деді министр.

Нипах вирусы - өлімге әкелетін жұқпалы аурулардың бірі. Оны емдейтін вакцина жоқ, жұқтыру жағдайларының 70% өлімге әкеледі. Вирус алғаш рет 1999 жылы Малайзияда тіркелген. Аурудың белгілері - дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, ұйқышылдық, тыныс алудың бұзылуы. Бір-екі күннен кейін науқас комаға түседі. Вирустың табиғи тасымалдаушылары - жемістермен қоректенетін ұшатын түлкілер.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1355
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2936
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1007
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 948