Тәлібтер Панджшерде бейбіт тұрғындарды өлтіруде
Ауғанстанның Ұлттық қарсыласу майданы халықаралық қауымдастыққа елдегі геноцидті тоқтатуды сұрады. Бұл туралы ұйымның Twitter-дегі парақшасында хабарланды.
"Қарсылық күштерімен көптеген қақтығыстарда үлкен шығынға ұшырағаннан кейін, Талибан провинция бойынша бейбіт тұрғындарды қырып-жою науқанына кірісті. Топтың геноцидпен шектесетін әскери қылмыстары туралы көптеген дәлелдер бар.
Біз халықаралық қауымдастықты Талибан мен олардың шетелдік демеушілерін қорғансыз бейбіт тұрғындарға қарсы жасаған қылмыстары үшін жауап беруге шақырамыз", - делінген Қарсылық күштері таратқан мәліметте.
Панджшерде бейбіт тұрғындарға тәлібтер тарапынан қысым көрсету, өлітру фактілері бар дейді олар.
Abai.kz