Сенбі, 23 Қараша 2024
2468 2 пікір 8 Қыркүйек, 2021 сағат 15:16

Талибан Ауғанстан үкіметінің жаңа құрамын жариялады

Ауғанстанда билікті басып алған "Талибан" радикал қозғалысы жаңа үкіметінің құрамы жарияланды. Бұл туралы Пәкістанда шығатын Dawn газеті хабарлады.

Басылым мәліметіне қарағанда, Ауғанстанның бас жетекшісі болып қозғалыстың 60 жастағы басшысы Хайбатулла Ахундзада, үкімет басшысының міндетін атқарушы болып "Талибан" басқару кеңесінің жетекшісі Мохаммад Хасан Ахунд атты молда тағайындалды.

Барлау министрі болып 12 жыл Кубадағы америкалық Гуантанамо түрмесінде отырып шыққан Абдул Хак Васик, ІІМ басшылығына "Хаккани желісі" тобының негізін қалаушының ұлы Сиражуддин Хаккани, қорғаныс министрі болып "Талибан" қозғалысының негізін қалаушының ұлы Мухаммад Якуб Муждахид және экономика министрі болып өлкенің бұрынғы сыртқы істер министрі Мохаммад Ханиф Атмар тағайындалған.

Тамыз айының ортасында "Талибан" қозғалысы Кабулге басып кірген. Батыс елдері тәліптерді Ауғанстанның заңды билігі ретінде таныған жоқ. Дүйсенбі күні АҚШ президенті Джо Байден "Талибан" қозғалысы халықаралық деңгейде танылу үшін ұзақ жолды жүріп өтуі керек екенін атап өткен.

Тәліптер Ауғанстанды 1996 жылдан 2001 жылға дейін басқарып, өлкені ислам эмираты деп жариялаған. Онда олардың үкіметін үш өлке — Пәкістан, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірлігі таныған.

Ресей "Талибан" қозғалысын террористік ұйым деп танығанына қарамастан, олармен әріптестік орнатуға дайын екенін айтып келеді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391