Франция президентінің екінші әйелі бірінші әйелін сайлауда қолдамады
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Франция Президенті Франсуа Олландтың екінші әйелі бірінші әйелін парламенттік сайлауда қолдамай отыр. Сайлаудың екінші туры маусымның 17-де өтеді.
Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасы хабарлайды.
Ал, бірінші турда президенттің партияластары - социалистер жеңіске жетті. Олландтың азаматтық некедегі жұбайы Валери Трервейлер күйеуінің араларында төрт баласы бар бұрынғы әйелінің депутат болғанын құптамайтынын «Твиттердегі» блогында жазып қалдырған. Алайда, Президенттің өзі - Сеголен Руаяль жағында. Оның бұрынғы жары Руаяль алдағы сайлауда жеңіске жетсе, Ұлттық Ассамблеяда спикер болуға күш салмақ. Егер бұл мақсаты орындалса, Руаяль ханым болашақта мемлекет басшысымен күнде хабарласып тұруы керек болады.