Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 4863 9 пікір 9 Қыркүйек, 2021 сағат 15:04

Жәкішев: АЭС салуда - елдің пікірі ескерілуі керек

«Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы, атом өндірісі саласының маманы Мұхтар Жәкішев Қазақстанға АЭС салу мәселесіне қатысты пікірін білдіріпті. Мұхтар Жәкішев «Facebook-тағы» жеке парақшасында АЭС құрылысы мәселесіне қатысты Қазақстан халқының пікір білдіруде белсенді болуы керектігін айтқан.

«Құрметті достар! Арманжан Байтасовпен бірге энергетика тақырыбында сұхбат жаздық. Атом энергетика әлемдегі энергетиканың жалпы даму тенденциясы, Қазақстанда АЭС салу мүмкіндігі туралы сұрақтар болды. Еуроодақта талқыланып жатқан көмірқышқыл газының қалдықтарына салынатын салықтар және басқа да тақырыптар туралы сөз қозғадық. Күрделі мәселелерді қарапайым тілде түсіндіруге тырыстым. Бұл қолымнан келді деп ойлаймын.

Мен атом өндірісі саласының маманымын, менеджермін. Ал АЭС  құрылысы туралы мәселе – бірінші кезекте атом энергетикаға қатысты мәселе. Мен бұл саламен таныспын. Бірақ, мен бұл жерде біліктілігі жоғары маман емеспін.

Жалпы Қазақстанда АЭС салуға қатысты мәселе елдің әрбір азаматының дербес ойымен шешілуі керек. Әрбір азамат бұл қадамға қатысты өз ойын қалыптастыруы керек. Десе де, азаматтардың пікірлері расталмаған ақпарат негізінде емес, нақты  көздерден алынған фактілерге негізделуі керек», - дейді Жәкішев мырза.

Түйін: 2021 жылы АЭС салу идеясы қайта талқылына бастады. Мамыр айында президент АЭС салуда асықпау керектігін, алайда уақыттан да қалмау қажеттігін айтқан болатын. Ал жолдауда бейбіт атомға қатысты сөз қозғап, Ресей форумында АЭС керектігін айтты. Дегенмен АЭС-ті салудан бұрын, оны кім салады деген сұрақ маңызды болып қалуда. Қазақстан билігі бұған дейін Оңтүстік Кореямен, Жапониямен, Ресеймен, Франциямен келіссөздер жүргізген болатын. Дегенмен талқылаулар мен сарапшылардың пікірлеріне сүйенсек, АЭС-ты Ресей тарапы салуы мүмкін. Ресейді бұл тұрғыдан тәжірибесі көп, бірақ жоғары технологияға ие емес. Мысалы Түркияға салып жатқан АЭС-інің қабырғасы екі мәрте жарылып, құрылысы тоқтап қалды. Чернобыль апатын жасап, әлемді дүрліктірген Мәскеудің бейбіт атомда алда дегенге сену қиын.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420