Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2120 0 пікір 15 Маусым, 2012 сағат 10:39

Марат МАДАЛИМОВ. «БТА БАНК» және БАХМУТОВА. МИЛЛИАРДТАРҒА КІМДЕР МҮДДЕЛІ?

«Халық сөзінің» өткен сейсенбідегі санында Марченко мырзаның...«махинациялары» демей-ақ қояйық, бірақ «махинация ғой» дейтіндей ой туғызатын «көңілге қонымсыздау» кейбір «әңгімелері» туралы сөз еткен едік. Осынау әңгіме барысында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры төрағасының қазіргі орынбасары, бұрынғы «қаржы бақылаушы ханым», экс-банкир Елена БАХМУТОВА ханым туралы да бір-екі ауыз айта кеткен едік. Айтып өткендеріміз ойлы оқырмандарымыздың есінде болар деп ойлаймыз.

«Тарихыңды білмей, тағдырыңның болашағын білмейсің» деп те бекерге айтпаса керек, сондықтан кез-келген мәселеде кейбіреулердің «арғы» болмаса да, «бергі» тарихы туралы әңгімелеп отырсақ, оқырмандарымыз бей-жай болмас. Сонымен, Бахмутова. Элитаның еркін мәнерімен айтатын болсақ, Елена ханым.

«Халық сөзінің» өткен сейсенбідегі санында Марченко мырзаның...«махинациялары» демей-ақ қояйық, бірақ «махинация ғой» дейтіндей ой туғызатын «көңілге қонымсыздау» кейбір «әңгімелері» туралы сөз еткен едік. Осынау әңгіме барысында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры төрағасының қазіргі орынбасары, бұрынғы «қаржы бақылаушы ханым», экс-банкир Елена БАХМУТОВА ханым туралы да бір-екі ауыз айта кеткен едік. Айтып өткендеріміз ойлы оқырмандарымыздың есінде болар деп ойлаймыз.

«Тарихыңды білмей, тағдырыңның болашағын білмейсің» деп те бекерге айтпаса керек, сондықтан кез-келген мәселеде кейбіреулердің «арғы» болмаса да, «бергі» тарихы туралы әңгімелеп отырсақ, оқырмандарымыз бей-жай болмас. Сонымен, Бахмутова. Элитаның еркін мәнерімен айтатын болсақ, Елена ханым.

«Біссімілләмізді» тағы да «БТА Банктен» бастаймыз. Еліміздегі қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесінде «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығара отырып қимылдаған банктеріміздің барлығы айналып келгенде «аяқтарынан тік тұрып» кетті. Қарызға белшеден батқан жалғыз банк - «БТА Банк» қана. «Көп түкірсе - көл» болады дегендей, Ұлттық банкіміздің басшысы Григорий Марченко бастап, Бахмутова мен Сәйденов дегендер қостап,  осы кісілердің (қазақ еліндегі қаржы саласының «қаймақтары» десек те болады) жаппай «ақ-көк» деп айтылған әңгімелерінің нәтижесінде «БТА-ға» бірінші мәрте реструктуризациялау жасалды - «БТА Банктің» бел жазып кетуі үшін мемлекет 7 миллиард АҚШ доллары көлемінде қолдау көрсетті. Ақталды ма, Марченконың мәлімдемелеріндегі деректер? ЖОҚ. Миллиардтарды салық төлеушілерінің қалталарынан жырып алып берген мемлекеттің үміті ше? Желге ұшты. Банктің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаған Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко да, сол кездері Қаржылық бақылау агенттігін басқарып отырған Елена Бахмутова да дәл осы мәселе бойынша есеп беруге тиісті еді. Естімедік бұл кісілердің есеп бергенін. «БТА-дағы» былық-шылықтың басы қайырылған жоқ, ал біздің таңғалатынымыз - миллиардтап берілген көмектен тиісті қорытынды шығара алмаған «БТА Банкке» Марченко бастаған, Бахмутова қостаған «кейбіреулер» тағы да бес жарым миллиард АҚШ доллары көлемінде реструктурзациялау жүргізейік дейді. Өткен айдың соңына қарай реструктуризациялаудың дау-дамайына қатысты мәселеде Бахмутова ханым: «...реструктуризаяция БТА - это частный случай отдельно взятого банка» деп атап көрсеткен еді, алайда осынау «частный случай» жағдайында реструктуризация мәселесінің кімдердің есебінен - шет елдік инвесторлар есебінен, әлде қазақстандық салық төлеушілердің есебінен шешілетінін ашып айтпады. Сыртқы қарызы миллиардтар деген сандардан төмен түспей отырған «БТА Банкті» шет елдіктер тағы да қаржыландыра қояды-ау деген әңгіме күмән туғызады әрине, сондықтан реструктуризациялау мәселесіндегі Бахмутованың әңгіме ауаны айналып келгенде қарапайым салық төлеушілердің қалтасын қағу деген мәселеге тірелетін сияқты. Тағы да. Өткен әңгімемізде атап кеткеніміздей, банк саласының білгірі Үміт Шаяхметова ханымның: «...12,5 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі ірі соманы БТА Банкке» қолдау көрсету үшін жұмсаудың қажеті бар ма? Насколько это целесообразно и стоит ли игра свеч? Мое мнение: лучше ужасный конец, чем ужас без конца» деп мәлімдегенінің астарында айдай ақиқаттың «құлағы» қылтияды. Неге екені белгісіз, алайда «БТА Банкті» банкрот етіп жариялаудан «ат-тондарын» ала қашып отырған Марченконың да...Марченко «түшкіріп қалса, жөпелдемеде жөтеліп» қалатын Бахмутова да мүйіздері қарағайдай-қарағайдай банк саласын білгірлерінің бір де бірінің ой-пікірлерін «құлақтарына қыстырмай» отыр. Қалай екені бір Аллаға ғана аян, алайда БТА-ны екінші мәрте реструктуризациялау мәселесіне үзілді-кесілді қарсы шыққан «Халық банктің» басшысы Шаяхметова ханымды «шаршатып» барып тоқтатқан Марченко-Бахмутова тобының келесі қадамы әзірге белгісіз, пәлен-түген деп айта қоятындай болжамдарға да «бұйдасын» ұстатпай отыр.

Қаржы саласы мамандарының айтуларына қарағанда, «БТА-Банктің» «аяғының аспаннан келгеніне» белсенді түрде атсалысқан адамдардың бірі Елена Бахмутова көрінеді. Мәселен, дәл осы мәселеге байланысты қаржыгер-экономист Сәуле Рахметова деген сала білгірлерінің бірі басылым беттерінде былай деп мәлімдеді: «...считаю, что в числе первых, кто должен нести ответственность за крайне сложную ситуацию в «БТА Банке», должны быть руководители КФН (комитет финансового надзора) и Национального банка. Разве их руководство не ответственно за то, что налицо процесс невыполнения основной функции банков - трансформации сбережении в инвестиции. Кто как не эти два государственных органа должны были контролировать и регулировать проблему существования крайне ограниченных масштабов краткосрочных кредитов и фактически отсутствия долгосрочных кредитов реальному сектору экономики? Как можно было мириться с тем, что наибольший обьем в банковских активах занимали вложения в государственные ценные бумаги и иностранную валюту, а уровень профессионализма руководящего звена банков не слишком сильно отличался от некогда довлевших методов старого менеджмента? Активное участие во всем этом «кризис-менеджменте» приняла и нынешний заместитель председателя ФНБ «Самрук-Казына» Елена БАХМУТОВА, которая с недавних пор представляет интересы мажоритарного акционера в «БТА Банке»...ранее она возглавляла АФН (Агентства финансового надзора), будучи председателем регулятора финансового рынка. Она одобрила спорную и неэффективную модель реструктуризации внешних обязательств банка, а сейчас пытается протащить эту бизнес-модель во второй раз...»

Міне, бұл да осы сала маманының салиқалы пікірлерінің бірі. Өткен-кеткендерді ойша сараптамаға салып көріп отырсақ, Бахмутованың өзінің бүгінгі пікірлері бұрынғы пікірлерін жоққа шығарып отырады екен. Сонда мұны қалай түсінуге болады? Өткендер ұмытылып кетеді деп ойлай ма бұл кісі, қалай сонда? «Тасқа басылғанның» ешқайсысын «жаңбырдың шая» алмайтынын да Елена ханым есінен шығарған ба? Шынымен де есінен шығарған болса, екінші қайтара есіне салып қоюдың ешбір артығы болмас деп ойлаймыз. Мысалы:

Қайбір жылдары (уақытын нақты анықтап беру қиындық туғызбайтын мәселе екенін Елена ханым білетін болар деп ойлаймыз) қаржы рыногындағы реттеушінің (регулятор) функциясына байланысты Бахмутова былай деген болатын: «...ең бірінші тәуекелділіктің, ең бірінші жауапкершіліктің басқа біреуге емес, тек банктің өзіне, оның басқару органдарына тиесілі екенін біз, яғни реттеушілер қамтамасыз етуге тиіспіз. Ал директорлар кеңесі мен акционерлер банктің стратегиясын нақтылаған уақытта оның соңы жекеменшік қаржы институтын қарапайым салық төлеушілердің есебінен «құтқаруға» тура келіп жүрмесін...» деп ашық әрі ап-анық айтқан болатын. «Апам да аң-таң, мен де аң-таң» дегеннің кері енді Бахмутованың басына келіп тұрған сияқты. Өйткені осылай да осылай деп өзгелерге ақыл-кеңес айтқан Бахмутовамыз енді келіп...«БТА Банкті» салық төлеушілердің есебінен екінші мәрте реструктуризациялайық» дейді. Бірінші мәрте жасады бұлар реструктуризациялау дегенді, нәтижесі «НӨЛ» болғанға қарамай тағы да қайталайық дейді. «Жығылған күреске тоймайды» дегенге таң қалып, таңдай қақпасқа амал жоқ. «Осы тірлігімізге салық төлеушілердің өздері қалай қарайды-ау?» деген де «бір грамм» ой болсашы Марченко мен Бахмутовада!

Осы жерде ойға сақтайтын мынадай бір мәселе бар:

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры деген бір ұйым бар. Заң бойынша еліміздегі екінші деңгейдегі барлық банктер осы қорға белгілі бір мөлшерде ақша аударып отырады. Енді қараңыз: қайта-қайта қолдау көрсетілгеніне қарамастан «БТА Банк» дегеніміз Әбіләзовтің әлегінен кейін «кіріп кеткен қорасынан» әлі шыға алмай жатыр. «Миллиардтап көмек көрсетуден шарашамайық» дегенге саяды Марченко мен Бахмутованың «тегін ақылына» құлағымызды қалқитатын болсақ. Егер екінші мәрте жасалатын (егер шынымен де Марченко-Бахмутова тобының дегені бола қалса) реструктуризациядан кейін де БТА «байғұс» белін жаза алмаса, онда...онда аталып отырған қазақстандық қордың бүкіл қаржысы «БТА Банктегі» жеке тұлғалардың қазіргі депозиттік салымдарын жабуға кетеді деген сөз. Бұл дегеніміз, кейбір ресми емес деректерге жүгінетін болсақ, 248 миллиард теңгенің айналасы! Ал керек болса! Сонда дейміз-ау, топ-менеджменттің, Бахмутова сияқты реттеушілердің сауатсыз басқаруларының себебінен «қораға кіріп» кеткен «БТА Банкті» не үшін қайта-қайта салық төлеушілердің есебінен «қорасынан шығара» береміз, а? «БТА Банк» банкрот болмау үшін «жанын сала жанталасып» жүрген Бахмутованың да осынау банкте өзі көздеген қандай да бір «жеке мүддесі» бар ма? Мұның жауабын кімнен күтеміз - Марченкодан ба, әлде Бахмутовадан ба? Негізі, екеуінен де күткеніміз дұрыс сияқты.

Қарапайым салық төлеуші қарапайым тілде түсіндіруді қалайды, ханымдар мен мырзалар!

«Халық сөзі» газеті

0 пікір