Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
3210 0 пікір 13 Қыркүйек, 2021 сағат 12:15

Лукашенко: Біз тізе бүкпейміз

Беларусь президенті Александр Лукашенко басқа елдер республикадан санкцияларды алып тастамайынша, Батыспен сөйлеспейтінін мәлімдеді. 

Еуропалық Одақ шекарасындағы заңсыз көші-қон жағдайына түсініктеме бере отырып, ол сөз кезегі Батыс тарапында екенін айтты. "Егер сіз қауіпсіз өмір сүргіңіз келсе, келіңіз. Біз орынды анықтаймыз, кездесіп, осы мәселелерді талқылаймыз. Бірақ бұл миы жоқ санкциялар мен патриот халқымыздың қорлауы жойылмайынша, олармен ешкім сөйлеспейді, біз тізе бүкпейміз" деді ол.

Президент сонымен қатар Батыс санкцияларының тиімсіз болғанына назар аударды. Бұған дейін беларусь саясаткерінің баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт Беларусь президенті Александр Лукашенконың ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесуі тиімді болғанын айтқан еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1380
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2961
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1025
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 964