Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 4532 0 пікір 15 Маусым, 2012 сағат 12:36

Абай (деректі драма)

Алаштың алып ғұламасы, қазақтың ақыл-ойының темірқазығы Абай - адамзаттың Абайына айналар дәуіріне жетті. Күні кеше Путин билігіне қарсы шерулеген қалың орыс Мәскеудегі Абайдың ескерткішінен пана тапты. Абайдың даналығына бүгінгі орыс баласы да бас иді. Орыстың әр қадамын бағып отырған дүнияның өзге жұрттары да Абайға бас қойды. Сөйтіп, Адамзаттың Абайы өз жолын бастап кетті.

Абайды туған елдің - қазақтың әр күні Абаймен атып, Абаймен батады. Міне, екі ғасырға жуықтады, бүтін ұлтымыз, бәлен буын ұрпақ Абаймен тыныстап келеді.

Кешегі Мұқаң бас болып, Қайым соның жолында ғазиз ғұмырын сарп еткен абайтану  - ғылымның ерен бір саласына айналды. Әр ұрпақ Абай әлемін тануға өз соқпағымен келіп жатыр. Сондай бір соны соқпақпен келген дүние - «Қазығұрт» киностудиясы түсірген «Абай» деректі драмасы.

Жеңіл-желпіге әуестеніп кеткен жекеменшік киностудияларға үлгі боларлық іс көрсетіп, ұлт қызметі жолындағы іргелі істерінің алғашқысын Абайдан бастаған «Қазығұрт» киностудиясы -  қазаққа қызмет етпекке белді бекем буған бірден-бір киностудия.

«Қазақстан» ұлттық арнасының тапсырысымен түсірілген «Абай» деректі драмасының өзгенің емес, «Қазығұрт» киностудиясының қолына түскені - әуелгі жеңіс деуге болар.

Деректі драма - Абай әлемінің жаңа тынысы. Заманауи үлгіде көкөрім ұрпақтың кеудесіне Абайдың асыл сәулесін түсірудің таптырмас жолы. Орта және жоғарғы оқу орындарында Абай шығармашылығына хрестоматиялық оқу орнына жүруге сұранып тұрған деректі драманы ғылым мен білімді қолына ұстап отырған Жұмағұлов мырза жас ұрпаққа жеткізер жол тапса, құба-құп.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тапсырысымен «Қазығұрт» киностудиясы түсірген «Абай» деректі драмасының өткенде Алматыда тұсауы болған еді. Деректі драманың сценарийін жазған - өнертанушы Ерлан Төлеутай, режиссері - Нұргелді Садығұлов, продюсері - Сәбит Әбдіхалықов.

Назарларыңызға бес бөлімнен тұратын «Абай» деректі драмасының толық нұсқасын ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

Абай деректі драмасының  авторлық құқығы Қазақстан ұлттық арнасы тиесілі

Бірінші желі
;hl=en_US&rel=0" />;hl=en_US&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="560">

Екінші желі

Үшінші желі
;hl=en_US&rel=0" />;hl=en_US&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

Төртінші желі

Бесінші желі

"Қазақстан" ұлттық арнасы

0 пікір