Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2538 0 пікір 18 Маусым, 2012 сағат 07:28

«Ұлтым орыс, дінім ислам»

«Менің намаз оқығым келеді» деген ақ құба орыс қызының сөзіне бәріміз аңтарылып қалдық. Мұсылман киімін киіп, намазға сақадай сайланып, мешітке қадам басқан қызымызға қарап, «Ниетіңді Алла қабыл етсін, жүре ғой» дегенімізге «Менің ұлтым орыс, мешітке кіруіме бола ма?» деп, сұрады. «Қасиетті дініне жүрегін бұрған қай пенденің болсын Жаратқан Алланың Өзі алдынан есік ашады. Ниетіңе қарай жетектеп, осы жерге әкелген Алла. Сондықтан, кіре бер» дегенімізге күлім қаққан Горбатенко Юлия Александрқызы (суретте) соңымыздан ере бастады. Ата тегінде әкесінің анасы яғни әжесі қазақ екен. Мүмкін сол баба рухы осы немересіне жеткені болуы керек. Еш қысылмастан «Менің ислам дінін қабылдағаныма жарты жылдай уақыт өтті. Енді намазға жығылып, құран оқуға талпынып жүрмін. Алғашында анам бірер күндей қарсы болған, кейіннен келісімін берді. Ниетіңнен қайтпасаң болғаны, себебі дін адамға ойыншық емес, сеніміңе мықты бол дегені бар. Бухаридің сахих хадистерін оқыдым. Ислам дінінің көптеген заңдылықтарымен таныстым» деген баянды әңгімесінен кейін дінге келу жолы мен оған деген сүйіспеншілігін білдірген Юлия өзіне мұсылман есімін қабылдағанын жасырмады. Инная яғни араб есімі «Қамқорлық» деген мағынаны білдіреді. «Жолыңда қандай қиындықтар бар?» деген сауал қойдық. «Сенесіздер ме, ешқандай.

«Менің намаз оқығым келеді» деген ақ құба орыс қызының сөзіне бәріміз аңтарылып қалдық. Мұсылман киімін киіп, намазға сақадай сайланып, мешітке қадам басқан қызымызға қарап, «Ниетіңді Алла қабыл етсін, жүре ғой» дегенімізге «Менің ұлтым орыс, мешітке кіруіме бола ма?» деп, сұрады. «Қасиетті дініне жүрегін бұрған қай пенденің болсын Жаратқан Алланың Өзі алдынан есік ашады. Ниетіңе қарай жетектеп, осы жерге әкелген Алла. Сондықтан, кіре бер» дегенімізге күлім қаққан Горбатенко Юлия Александрқызы (суретте) соңымыздан ере бастады. Ата тегінде әкесінің анасы яғни әжесі қазақ екен. Мүмкін сол баба рухы осы немересіне жеткені болуы керек. Еш қысылмастан «Менің ислам дінін қабылдағаныма жарты жылдай уақыт өтті. Енді намазға жығылып, құран оқуға талпынып жүрмін. Алғашында анам бірер күндей қарсы болған, кейіннен келісімін берді. Ниетіңнен қайтпасаң болғаны, себебі дін адамға ойыншық емес, сеніміңе мықты бол дегені бар. Бухаридің сахих хадистерін оқыдым. Ислам дінінің көптеген заңдылықтарымен таныстым» деген баянды әңгімесінен кейін дінге келу жолы мен оған деген сүйіспеншілігін білдірген Юлия өзіне мұсылман есімін қабылдағанын жасырмады. Инная яғни араб есімі «Қамқорлық» деген мағынаны білдіреді. «Жолыңда қандай қиындықтар бар?» деген сауал қойдық. «Сенесіздер ме, ешқандай. Ислам діні жайлы қанша рет кітаптан оқысам да, мұсылман арасында болып, оны сонда ғана толықтай тани бастадым. Бір - біріне деген ізгі ілтипат, танымастан хал - жағдай сұрасу, құшақ жая амандық тілеудің өзі мен үшін ең қажетті құндылық. Ислам мені осылайша қарсы алады деген ойым болған емес. Иншаалла, ендігі жерде мешітке келіп, онда құран оқуды парызыма айналдырамын. Менің ойымша, мұны ислам дінінің ләззаты деп білемін» деді. Кейінгі кездерде өзге ұлттың қыздарынан дінімізге қадам басып жатқандары рас. Тілін кәлимаға келтіріп, діни кітаптарға қызығушылық танытып жүргендер де баршылық. Ал солардың арасында мешітімізге жеткен Инная қасиеті жұма намазына үзбей келіп жүр. Жақын жерде орналасқан кішігірім дүкендегі сатушы қызметін бір уақ үзіп, азанның үніне ілескен қызымызды «Дінімізге хош келдің, Инная!» деген тілекпен әрдайым қарсы аламыз.

Өскемен орталық мешітінің баспасөз қызметі.

«Абай-ақпарат»

0 пікір