Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2751 0 пікір 19 Маусым, 2012 сағат 08:31

«Көк туым- Әнім»

20-маусым. 18.30. Студенттер Сарайы.

«Көк туым- Әнім» атты Ермұрат Зейіпханды еске алу ән кеші өтеді.

Халыққа «Көк тудың желбірегені», «Жайлауым - әнім» әндері арқылы жақсы танымал ақын, сазгер, әнші Ермұрат Зейіпхан Қытай Халық республикасынан Қазақстанға алғашқылардың бірі болып оралған сегіз қырлы, бір сырлы бірегей талант.

Осы кеште көзі тірісінде шығармашылығын елге кеңінен танытып үлгермеген Ермұрат әндерін қазақ эстрадасындағы белгілі тұлғалар жаңа өңдеуден өткізіп, жаңаша бағытта көрермендерге ұсынады. Театр-кино актерлері өлеңдерін оқиды.

Кеш ұйымдастырушылары «Біз осы кеште Қазақстанның белгілі бір әншісін талантты сценарист, режиссер, продюсер ретінде көпшілікке танытамыз» дейді.

Қытай халық респуликасынан әншілер, Батыс Қазақстан облысынан жаңа стильді фольк-поп аспаптық тобы және есімдері елге жаңа танылып жүрген әншілер мен топтар арнайы шақырылған. Ән кешіне ҚР Халық әртісі Р.Рымбаева да қатысады.

ҚР еңбегі сіңген қайраткерлер, театр-кино актерлері Бақтияр Қожа, Айгүл Иманбаева, Азамат Сатыбалды, Қарлығаш, әншілер Жеңіс Ысқақова, Рамазан Стамғазиев, Алтынай Жорабаева, Ерлан Шүкіман, Баян Нұрмышева т.б. және «Алаш ұлы», «Денар», «Классик», «Сағыныш», «Әуен» фольк-поп топтары қатысады.

Байланыс телефоны:   8 701 616 66 95  (Ринат)

0 пікір