Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2680 0 пікір 19 Маусым, 2012 сағат 10:25

Оразкүл АСАНҒАЗЫ, депутат: Сейдумановтар отаршылдық идеологияның баяғыда кеткенін сезінуі қажет

Алматы атауын «Алма-Ата»-ға өзгерту туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сейдумановтың мәлімдемесі қоғамда әлі де қызу пікірталас тудыруда. Осыған орай Парламент Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазының пікірін білген едік:

- Алматы қаласының атын «Алма-Ата» деп өзгерту үшін мынадай мәселелерге мұқият назар аударуымыз қажет: Біріншіден, Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған, яғни азаттығымыздың бесігі болған қаланың атауын өзге тілге өзгертсек, онда жұмсартып айтқанда тәуелсіздігіміздің құнын білмегеніміз;

Екіншіден, егер Алматы сияқты қаланың атын басқа тілге өзгертсек, онда 20 жыл бойы тәуелсіздік, рухани мұраттар, тарихқа тағзым ел мен жерге адалдық жөнінде айтып келе жатқан насихатымыздың барлығы бекер болмақ;

Үшіншіден, Алматының атын өзгертпек түгілі, өзгерту жөнінде пікір айтудың өзі, оны қазақ азаматының, қатардағы адамның емес, әкімнің орынбасарының айтуы біздің тәуелсіздігіміздің басты рухани мұраттарының санамызға сіңбей жүргенін, ортамызда әлі күнге дейін егемендіктің парқын да, бағасын да түсінбейтіндердің бар екендігін аңғартады.

Бұл - аса ұят, досқа күлкі, дұшпанға таба болатын жағдай. Сейдумановтар сан ғасырлық тарихы бар қазақы атаумен алысқанша, сол Алматыдағы қазақтілді мектептер мен балабақшалардың санын көбейтсе, қала көшелеріне қазақы атаулар беріп, қаланы нағыз рухани, мәдени астанаға айналдырса, жөн болар еді.

Алматы атауы Сейдуманов сияқтылар ойлағанындай, «алманың атасы»  емес, «Алмалы жер» деген ұғымнан туындаған. Көне түркі тілінде, одан беріде қазақ тілінде -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті сияқты жұрнақтар сол заттың көп, мол екендігін білдіреді. Мысалы: Жуалы, Шиелі, Зеренді, Жусанды, Масаты, Шідерті, Ырғайты, Арғанаты, Аңқаты, т.с.с.

Мақаланың толық нұсқасын - www.arasha.kz - http://arasha.kz/post/876 - сайтынан оқи аласыздар.

0 пікір