Сейсенбі, 29 Қазан 2024
3497 5 пікір 15 Қыркүйек, 2021 сағат 13:19

Шолпан Каринова жаңа қызметке тағайындалды

Шолпан Каринова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды. 

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Каринова Шолпан Танатқызы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице -министрі қызметіне тағайындалды", - деп хабарлайды ҚР Премьер -Министрінің баспасөз қызметі.

Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінде мұғалім болып бастады.

1998-1999 жж - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1999-2000 жж - орыс сыныптарындағы қазақ тілі мұғалімі.
2000-2002 жж - директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
2002-2003 жж - Көкшетау медициналық колледжінде оқытушылық және аудармашылық қызметпен айналысты.
2003-2004 жж - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім және спорт бөлімінің тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы.
2004-2005 жж - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының No5 орта мектебінің директоры.
2005-2008 жж - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімінде басшылық қызметтерді атқарды.
2008-2009 жж - Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі.
2009-2012 жж - Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы бастығының орынбасары.
2012-2013 жж - Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары.
2013-2017 жж - Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының бастығы.
2017-2018 жж - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.
2018-2019 жж - "Назарбаев Зияткерлік мектептері" педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары.

2019 жылдың тамызынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім вице-министрі болды.

Abai.kz

5 пікір