Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
4292 1 пікір 16 Қыркүйек, 2021 сағат 12:52

Парашютпен секіру сәтінде әскери қаза тапты

Қазақстандық әскери қызметкер парашютпен секіру кезінде қайтыс болды. Қайғылы жағдай 14 қыркүйекте Алматы облысында болған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі өкілдері хабарлады. 

"2021 жылы 14 қыркүйекте Алматы облысында жоспарлы оқу парашютпен секіруді орындау кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшісі, 1990 жылы туған "капитан" әскери шені бар офицер қаза тапты. Қалған жеке мәліметтер туыстарының өтініші бойынша жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше қайтыс болған әскери 50-ге жуық парашютпен секіру тәжірибесіне ие. Ол штаттан тыс парашютпен құтқару тобының мүшесі болған. Өлім себептері мен мән-жайы анықталу үстінде.

"Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің жеке құрамы қайтыс болған әскеридің туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету үшін қажетті шараларды қабылдайды", - деп хабарлады министрлік өкілдері.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1346
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2921
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 930