Венгрия жазушысы мемлекеттік сыйлықтан бас тартты
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Эли Визель 2004 жылы берілген Венгрияның мемлекеттік сыйлығынан бас тартатынын мәлімдеді.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар, оның арасында парламент спикері мен мәдениет министрі мамырда венгерлік ақын Йозеф Нироның құрметіне арналған салтанатқа қатысқан. Эли Визель Йозеф Нироны "фашизмнің идеологы" деп танитындықтан, сыйлықтан осыған қарсылық ретінде бас тартатынын айтады. Ниро Венгрия нацистік Германиямен альянста болған кезінде депутат болған.
Нобель сыйлығының лауреаты Венгрияға сіңірген еңбегі үшін берілетін Үлкен Крест сыйлығынан бас тартуға тағы бір себеп барын айтты. Ол - екінші дүние жүзілік соғыс кезінде елді басқарған Миклош Хортидің қайтадан Венгрияның ұлттық қаһарманы деп танылуы болып отыр.
Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде Миклош Хортидің бұйрығымен жарты миллион еврей елден депортацияланған еді.
Дереккөз: azattyq.org