Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
2652 4 пікір 20 Қыркүйек, 2021 сағат 09:29

Армения Әзербайжанды халықаралық сотқа бермек

Армения Әзербайжан үстінен БҰҰ-дағы Халықаралық сотқа шағым түсірді. Ереван Бакуды жылдар бойы Армения азаматтары мен этникалық армяндардың құқығын өрескел бұзды деп айыптады.

Халықаралық соттың мәліметіне қарағанда, шағым иесі Арменияға "қастық саясатын жүргізген" Әзербайжан "армяндарды нәсілдік тұрғыда алалады" деп тұжырымдаған. Ереванның пікірінше, соның салдарынан "армяндар жүйелі түрде дискриминацияға ұшыраған, жаппай азапталып өлтірілген, өзге де кемсітушіліктерге ұшыраған".

Арменияның пікірінше, "армян ұлты мен тегіне" қарсы бағытталған Бакудің әрекеті 2020 жылы қыркүйекте Таулы Қарабақта жағдай ушыққан кезде қайта жанданған.

Армения шағымда "қарулы қақтығыс кезінде Әзербайжан нәсілдік алалаудың барлық түрімен күрес туралы халықаралық конвенция шарттарын өрескел бұзды" деп айыптаған.

Ресми Ереван "тіпті соғыс аяқталғаннан кейін" яғни, 2020 жылы 10 қарашада атысты тоқтату туралы келісім күшіне енгеннен кейін де Әзербайжан "армян тұтқындары мен ұсталғандарды өлтіріп, азаптуды, қорлауды" жалғастырған.

Әзербайжан сыртқы істер министрлігі өкілі Баку "барынша қорғанып", Арменияны дәл солай айыптап, қарсы шағым түсіретінін айтты.

Таулы Қарабақтағы соғыстан кейін Әзербайжан мен Армения арасындағы жағдай әлі ушығып тұр. Былтыр алты аптаға созылған соғыс кемінде 6900 адамның өмірін қиды. 2020 жылы қараша айында тараптар Мәскеудің араағайындық етуімен атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, Армения Таулы Қарабақтағы бірнеше ауданды Әзербайжанға қайтарған.

Екі ел арасындағы атысты тоқтату туралы келісім және Арменияның іс жүзінде соғыста жеңілуі елде саяси дағдарысқа алып келген.

Abai.kz

4 пікір