Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
4105 2 пікір 20 Қыркүйек, 2021 сағат 15:12

Серік Ахметов жазасын өтеп шықты

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов жазасын өтеуге байланысты пробациялық есептен шығарылды. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Оның енді тек белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салатын қосымша жазасы қалды.

Айта кетейік, 2015 жылдың желтоқсанында Серік Ахметов бюджет қаражатын жымқырды, қызмет бабын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деп айыпталып, мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Оған қоса жазасын өтеп шыққаннан кейін бес жыл мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынған болатын.

Артынан өз ісіне шын жүректен өкініш білдіргені және 2,5 миллиард теңге көлемінде залалды өтеуіне байланысты, оның жаза мерзімі 2016 жылы наурызда 8 жылға дейін қысқартылды.

Ал 2017 жылдың қыркүйегінде сот шешімімен бұрынғы үкімет басшысына тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды.

Серік Ахметов әр жылдары Теміртау қаласының әкімі, Қарағанды ​​облысының әкімі, Көлік және коммуникация министрі, Қорғаныс министрі болды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1404
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2985
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1052
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 989