Сенбі, 23 Қараша 2024
3444 5 пікір 21 Қыркүйек, 2021 сағат 15:00

30 жыл күтіп...+997

Ұзақ жылдардан кейін Қазақстанға жаңа +997 телефон коды белгіленді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. 

"БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі. Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады. Сондай-ақ, халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да, барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады. 

Біз Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық кодқа қол жеткізу үшін былтырдан бері телекоммуникация саласындағы компаниялармен бірге жан-жақты жұмыс жүргізіп келеміз. Осы келіссөздер нәтижесінде біздің елге дербес +997 коды бекітілді. Қазір тиісті құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа көшу бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр", - деп түйіндеді министр.

Қазақстан Ресеймен +7 кодын қатар қолданып келеді. Код КСРО тарайтын уақытта берілген еді. Ал бізбен көршілес мемлекеттер өздерінің халықаралық байланыста жеке кодтарын алып үлгерген. Мысалы Қырғызстан +996, Өзбекстан +998, Түркіменстан + 993 кодтарын алған. Енді олардың қатарына +997 кодымен Қазақстан қосылады.

Министрлік жоспарына сәйкес Қазақстан 2023 жылдың қаңтарынан бастап жаңа ұлттық кодқа көшеді. Сонымен қатар, тағайындалған сәттен бастап жаңа және ескі кодтарды екі жыл қатар қолдануға болады. Толық ауысу 2025 жылдан басталады.

Бұған дейін Қазақстан мен Ресейдің коды +7 болғандықтан, қазақстандықтар түрлі онлайн платформаларда еріксіз Ресейді таңдап, сол арқылы жұмыс жасауға мәжбүр болған еді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394