Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2623 0 пікір 21 Қыркүйек, 2021 сағат 16:25

Алматы облысы биыл 1 млн. тоннадан астам дәнді дақыл жинауды жоспарлауда

Алматы облысы биыл 1 млн. тоннадан астам дәнді дақыл жинауды жоспарлап отыр.

Алматы облысында стратегиялық маңызы бар қант қызылшасын, жүгері және күріш дақылдардын жинау, ору жұмыстары басталды. Биыл жетісулық шаруалар ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабын 3,7 мың гектарға ұлғайып, 972,2 мың гектарға жеткізген.

Оның ішінде дәнді дақылдарды жинау алқабы – 485,4 мың га болса, ондағы дәндік жүгері – 95,8 мың га , күріш - 8,2 мың га, қант қызылшасы 16,1 мың га алқапқа себілген.

Бүгінде облыстың біраз өңірінде егістік жинау қарқынды жүруде. Қапшағай қаласының «Етекбаев» қожалығының шаруалары биыл 140 гектар жердің 70 га-на дәнді жүгері, 27 га-на қант қызылшасын, 15 га-ға бас пияз еккен. Тамшылатып суғару жүйесімен өнім алып жүрген қожалық мемлекет қолдауын да сезініп жатқандарын жасырмады.

«Осы жылы пияз және жүгері егістігінен 40 тонна өнім алуды жоспарлап отырымыз. Мемлекет қолдауының арқасында жылдан жылға егістік жерді кеңейтіп, дәнді-дақылдар түрін молайтып жатырмыз. Біздің өнім бүгінде ТМД және Еуропа елдеріне де экспортқа шығуда»,- дейді шаруақожалық басшысы Нұрлан Етекбаев.

Сондай-ақ, Биыл облыс бойынша тәтті түбірден 500 мың тонна өнім алып, 50 мың тоннадан астам қант шығару жоспарланған. Ол үшін, барлық техника жөнделіп, астық жинауға 1468 комбайн, 180 механикалық қырман, 263 астық тиегіш, 203 дән атқыш, 164 астық тазалау машиналары және 256 автотаразы тартылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394