Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3142 0 пікір 21 Маусым, 2012 сағат 09:10

Кландар қақтығысы: ақпараттық бомба жарылмай қалды

Тағыда Ақтөбе жақққа қарап көзіміз алақандай болып алаңдап қалдық. Ақтөбенің маңындағы Кірпішті ауылында бір полицей кісі қолынан қаза болыпты. Бұл ақпаратты Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиев растапты. «Азаттық» радиосы осылай деп хабарлайды.

Ең қызығы әрі қорқыныштысы Ақтөбеде болған оқиға қопаға қойған өрттей болып, ақпараттық жарылысқа ұласа жаздады. Мәселен, «Курсив.kz» сайты ҰҚК-нің Ақтөбе облыстық  бөлімшесінде жарылыс болды, деп хабарлап кеп жіберіп еді, іле-шала оның жалған екені жария болды. «Жарылыс болды» деп жар салған журналистті дереу жұмыстан қуыпты.

Айналып келгенде, мұның бәрі биліктің ұшар басында ққұзғын, қарғадай қаптаған кландар қақтығысының кесірі деген болжам бар. Соңғы бір-екі жылдың көлемінде кландар қақтығысы кәдімгідей күш алып, ел ішін үрей құшағына қуып тықты. Ал, бұл жолғы кландардың ақпараттық соғысының себебі, күні ертең парламентте тағдыры шешіліп, тарайды делініп отырған Үкіметтің болуы бек мүмкін отставкасымен байланысты сияқты.

Білетіндер, аяқ астынан іске аспай қалған ақпараттық бомбаның жарылмай қалғанын ҰҚК-нің төрағасы Нұртай Әбіқаевқа қарсы бағытталған кезекті бір кландық әрекеттің ойдағыдай орындалмағаны дейді.

Қорқыныш, үреймен жұрттың зәресін алып, өздерінің топтық мүдделерін қандай жолмен болса да іске асырудан тайынбайтын биліктегі кландар елдің тыныштығына тас лақтыруларын тоқтатар емес.

Ал, олардың билік үшін соғыстарының құрбандары қарапайым адамдар. Осы жолғысы - жұмыстан қуылған журналист.

Кландар қақтығысына қарсы қауқар шынымен қалмағаны ба? Мемлекет пен оның халқының тағдыры кекіре тойып, енді билікке таласқан шибөрілердің талауында қалғаны ма?

Жауап жоқ. Ертең не болатыны тағы белгісіз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371