Жұма, 22 Қараша 2024
4409 3 пікір 28 Қыркүйек, 2021 сағат 13:02

Ауған шекарасындағы атыста өзбек шекарашысы қаза тапты

Өзбекстан шекарашысы Ауғанстанмен шекаралас аймақта болған атыста қаза тапты. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев мәлімдеді. 

Ресми мәлімет бойынша 26 қыркүйек күні Ауғанстан тарапынан Өзбекстан шекарасын бұзып өтпек болған есірткі тасымалдаушылармен ұрыс болған. Кескілескен атыста өзбек шекарашысы қаза тапқан.

"Кеше мемлекеттік шекараны бұзып өту әрекеті жасалды. Оны есірткі тасымалдаушылар іске асырмақ болған. Бірақ біздің ел тұтастығын қорғау позициямыз қашанда қатал және керек болса қаруға жүгінеміз. Біздің бір сарбазымыз өз борышын абыроймен атқарып, ерлікпен қаза тапты. Ол осы аймақтың ұлы еді, намангандық болатын", – деді президент.

Сарапшылар Орталық Азиямен шекаралас аймақтарда мұндай жағдайлар артуы мүмкін деп болжайды. Оған Ауғанстандағы тұрақсыздық әсер етуі мүмкін.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321