Тәлібтер тәжік шекарасына он мың жасағын шоғырландырды
Талибанның ресми өкілі Забихулла Муджахид Тәжікстанмен шекаралас аймақ Тахарға мыңдаған арнайы жасақты шоғырландырғанын мәлімдеді.
Забихулла Муджахид 25 қыркүйек күні өзінің Твиттер парақшасында тәлібтердің арнайы жасақтарының суретін салып, "он мыңнан астам жауынгерлерді Тахарға шоғырландырдық" деп жазды. Ол бұл әрекетті ішкі және сыртқы қатерден қорғану үшін деп атады.
Ауғанстан мен Тәжікстанның шекарасы 1400 шақырымды құрайды. Тәжікстан билігі тәлібтерді айыптап, Ауғанстанда этникалық қудалау жүріп жатыр дегенді айтуда.
Abai.kz