Жұма, 22 Қараша 2024
2705 4 пікір 28 Қыркүйек, 2021 сағат 13:39

Путин мен Тоқаев онлайн форум өткізеді

Қазақстан мен Ресей президенттері онлайн-форматта форум өткізеді. Көкшетауда өтетін екі елдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына екі ел басшысы да қатысады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Фейсбук парақшасында жазды. 

30 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Көкшетау қаласында онлайн-форматта өтетін екі ел арасындағы XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.

"Іс-шара – екі мемлекеттің өңірлері арасындағы ықпалдастықтың перспективті бағыттарын талқылау, екіжақты қатынастарды нығайту, іскерлік топтардың байланыстарын және мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қарым-қатынастарын жандандыру үшін тиімді алаң. Жиынға қатысушылар трансшекаралық су ресурстарын басқаруға, климаттың өзгеруі мен көміртегінен арылуға, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға қатысты мәселелерді талқылайды. Форум қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қою жоспарланған", - деп жазды Берік Уәли.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде өткен Шығыс экономикалық форумына онлайн қатысқан еді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322