Құс тұмауы: солтүстікте мыңдап құс қырылуда
Солтүстік Қазақстан облысындағы Лебяжье ауылында ветеринарлық карантин жарияланды. Онда құс тұмауы вирусынан мыңнан аса құс өлген. Дерек жеті фермада тіркелген. Бұл туралы Tengrinews.kzке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды.
Өңірлік ветеринария мәліметінше 21-26 қыркүйек аралығында ауылда тауық, үйрек және қаз жаппай өлген, барлығы 1003 басты құрайды. Олар өртеу арқылы жойылған.
"Ветеринарлық қызмет эпизоотиялық тексеру жүргізді, материал іріктеліп, зерттеу үшін зертханаға жіберілді. 24 қыркүйекте "құс тұмауы" диагнозын растау нәтижесі алынды. Аурудың ықтимал көзі - жабайы құстар, өйткені бұл елді мекенде аққулар, үйректер және басқа да жабайы құстар мекендейтін су қоймасы бар", - деді облыстық ветеринария басқармасының алдын алу бөлімінің басшысы Қайырлы Қазанов.
Abai.kz