Өзбекстан балаларға коронавирусқа қарсы екпе салады
Өзбекстанда коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасы 12 жастан асқан балаларға ерікті түрде салына бастайды. Бұл туралы Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Pfizer вакцинасының 12-15 жастағы балаларға клиникалық зерттеулерінің нәтижелері жақсы шыққан, сондықтан Еуропа елдері мен әлемнің өзге де мемлекеттері балаларға да вакцина егуді бастады. Тиісті ұсынысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы юерген болатын.
Өзбекстанның бас санитария дәрігері мен Ұлттық техникалық және иммунологиялық сараптама комиссиясының шешімімен 12 жастан асқан балаларға ата-аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен Pfizer вакцинасын салуға болады деп мәлімдеді.
Қыркүйек айының ортасында Өзбекстанға АҚШ-тан 1,214 миллион дана Pfizer/BioNTech вакцинасы жеткізілді. Мамыр айының соңында Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған Pfizer/BioNTech вакцинасын салуды мақұлдады.
Abai.kz