Путин: АЭС салу мәселесінде қолдау көрсетуге дайынбыз
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға АЭС құрылысына қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
"Бейбіт атом саласына келсек. Менің қазақстандық әріптесім және досым бұл туралы айтқан еді. Біз көршілес елдердің, біздің одақтастарымыздың жоспарларына мұқият қарап отырамыз. Ресей біздің серіктестер мен оның ішінде Қазақстанға да атом элетр станцияларын салуға шешім қабылдап жатса оны салуға қолдау көрсетуге дайын", – деді Путин.
Қазақстанда бейбіт атомды игеру мәселесін президент өз жолдауында көтеріп, артынша Ресейде өткен "Шығыс экономикалық форумында" ашып айтқан болатын.
Abai.kz