Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
46 - сөз 7990 8 пікір 30 Қыркүйек, 2021 сағат 16:57

Тұран Одағын құру керек!

Тұран елдерінің тұтастығын ойласақ, шұғыл Түркі елдері одағын құруымыз керек!

Шығысымызда Қытай, солтүстігімізде Ресей мемлекеттерімен құдайы көрші болғасын, олармен бірнеше экономикалық және ынтымақтастық одақтарда мүше болып отырмыз. Алыстағы алпауыт АҚШ-пен де сәлеміміз түзу.

Бірақ дүрбелеңі көп дүние күнде дүрлігіп тұр.

Оңтүстік Азиядағы таяуда тәліптер билікке келген Ауғанстан да әлем назарын аударып, шекарасы жақын елдерді қатты алаңдатып тұр.

Біз Ресей бастаған ТМД-ның біраз елдерімен Еуразиялық Экономикалық одақта бармыз. Енді сол секілді Түркі елдері одағы да іргемізді бекемдей түсуге берік негіз болар еді.

Екпіні қатты Ердоған ер бастаған ел басшыларының мойнында түгел түркі мемлекеттерінің Тәуелсіздік тағдыры, территориялық тұтастық

қауіпсіздігі тұр!

“Ақымақтың айтқаны келеді” дегендей, ақыр “Тұран одағы құрылады” деп айқайлап жүрген Жириновскийлердің сөзін шындыққа айналдырайық. Ол кеше ойға сыймайтын оттауын тағы да жариялап, Орта Азия елдері өздерін тәліптерден қорғайтын Ресейдің губернияларына айналуы керек деп соқты…

Тағы да қадап тұрып, қайталап айтамыз, Тәуелсіз Түркі елдері үшін қазір ең басты мақсат - Түркі Одағын құру!

Ең болмаса, туыс елдердің тұтасуын өзгеден сұрамай өзіміз шеше алатын шығармыз деп үміттенеміз.

Ел аман, жұрт тыныш болып, Тәуелсіздігіміздің Көк туы көкте мәңгі желбірей берсін!

Қазыбек Иса

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963