Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2919 0 пікір 5 Сәуір, 2012 сағат 07:18

Курчатов қазақстандық АЭС-тің астанасы болады

Елімізде АЭС құрылысын салу үшін бірнеше аудан анықталып алынған. Тіпті олардың техникалық-экономикалық зерттеу құжаттары да әзірленіп қойған. Десекте, аталған өңірлердің ішінде Шығыс Қазақстан облысына қарасты Курчатов қаласының тиімділігі жоғары деп отыр мамандар.

Бұған дейін АЭС мәселесі облыс әкімдігінің жиындарында қозғалып, өңірді жеткілікті энергиямен қамтамасыз ету үшін мұндай стансаның қажеттілігі айтылған.

- Қалыпты жағдайда атомстансалары экологиялық таза қуат көзіне саналады. Органикалық шикізатпен жұмыс істейтін электр стансалары көмірді жағу кезінде химиялық улы газдармен бірге ауаға табиғи радионуклидтерді шығарады, - деп түсіндірген Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры міндетін атқарушы Сергей Березин Курчатов қаласына қатысты қажетті техникалық-экономикалық зерттеулер жүргізілгендігін және егер бұл жоба іске асырылса, экономикалық тұрғыдан өте тиімді екендігін ескертті.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364